Қазақстандық бойжеткен өз есімін ресми түрде Барселона деп өзгертті

366

Айтолқын Айханова өз есімін Барселона деп өзгертті.    

Қазақстандық бойжеткен өз есімін ресми түрде Барселона деп өзгертті Фото: Видеодан скриншот

Ол жаңа туу туралы куәлігін алып, бұл шешімді ұзақ уақыт бойы ой елегінен өткізгенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айтолқын Айханованың сөзінше, дүниеге келген кезде атасы оған Барселона деген есім берген. Алайда 40 күн өткен соң аты Айтолқын болып өзгертілген. Араға 36 жыл салып, ол туғандағы алғашқы есімін қайта қайтаруға шешім қабылдаған.

Барселонаның айтуынша, атасы балалары мен немерелеріне әлемдік спорттық додалар өткен қалалардың атауын беру дәстүрін ұстанған. Сол себепті олардың әулетінде Сеул, Сидней және Токио есімді туыстары бар.

Жаңа құжаттарын қолына алған ол енді жұртшылықтан өзін Барселона деп атауды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу