Қазақстан мен Израиль медициналық кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу және заманауи медициналық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тараптар қазақстандық дәрігерлерді тәжірибеге бағытталған оқыту, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық ұйымдарда израильдік мамандардың қатысуымен мастер-кластар өткізу мүмкіндігін қарастырды.
"Алынған білім мен технологиялар біздің медициналық ұйымдарда қолданылып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс", – деді Манас Рамазанов.
Кездесуде мамандар даярлау, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелеріне де назар аударылды.