Қазақстандық делегация Ұлыбританияның сот жүйесімен танысты

1222

Қазақстандық делегация Ұлыбританияның сот жүйесімен танысты

Құқықтық мәселелер бойынша құрылған қазақстандық делегация Ұлыбритания астанасында болып қайтты. Сапардың мақсаты – қылмыстық қудалауды ұйымдастыру мәселелерін зерттеу мен сотқа дейінгі іс жүргізу ісін зерделеу және қылмыстық істер бойынша білікті заңгерлік көмек көрсету жайын білу, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстандық топтың құрамына жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, бас прокурор Жақып Асанов және басқа да жоғары лауазымды адамдар енген. Сапар отандық қылмыстық процесті одан әрі жаңғыртуға бағытталған. Оның аясында сот ісін жүргізуді жеңілдету және жеделдету, сотқа дейінгі тергеу жүргізетін органдарының өкілеттілігін қатаң шектеу, сот бақылауын кеңейту және қылмыстық процесс жарыспалылығын арттыру көзделіп отыр.

Сапар барысындағы негізгі өткен шара Қазақстан-Британияаралық құқықтық семинар болған. Ол Ұлыбританияның шетел және ынтымақтастық істері бойынша министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында Біріккен Корольдіктегі сот-құқықтық реформалар талқыланды.

Құқықтық семинар барысында сотқа дейінгі тергеу және әділ соттылықты жүзеге асыруда түрлі органдардың тиімді қарым-қатынасы сияқты мәселелер талқыланды. Қазақстан делегациясының сапары мен британиялық әріптестерімен мазмұнды диалогы Мемлекет басшысының қазақстандық сот жүйесін одан әрі жетілдіру тапсырмасын жүзеге асыруға және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы құқықтық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу