Қазақстандық десантшылар "Харбмайдон" полигонындағы елді мекенді басып алды

481

Тәжікстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталды. 

Қазақстандық десантшылар "Харбмайдон" полигонындағы елді мекенді басып алды Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі Десанттық-шабуылдау әскерлерінің (ДШВ) әскери қызметшілері "Рубеж-2022" Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерімен бірлескен оқу-жаттығуды аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оқу-жаттығу барысында Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің әскери контингенттерінің өкілдерімен бірлесіп, заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтады. Әскери қызметшілер бейтаныс таулы жерлерде әскери қимылдар жүргізді", – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша Қазақстан мен Тәжікстанның роталық тактикалық топтарынан тұратын айналма жасаққа кірген ДШВ жауынгерлері жау бөлімшелерін басып алды.

"Қазақстандық десантшылар елді мекенге шабуыл жасап, заңсыз қарулы құралымдарға жауынгерлік машиналардан, атыс қарулары мен гранатометтен оқ жаудырды. Содырлар тобын жойып, әскери қызметшілер белгіленген шекараға бекітілді", – деп толықтырды ведомстводан.

"Харбмайдон" полигонындағы практикалық іс-қимылдарға Орталық Азия өңірінің ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің әскери контингенттері, Біріккен штабтың және ұйым хатшылығының жедел топтары қатысты.

Жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 1000-ға жуық адамды құрады. Оқу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қоса алғанда, 300-ден астам әскери, арнайы және авиациялық техника қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу