Қазақстандық дипломаттар Бучадағы "жеңілмейтін киіз үйді" ұйымдастыру науқанына қатысқан жоқ - СІМ

546

Қазақстандық дипломаттар Украинаның Буча қаласында "жеңілмейтін киіз үй" құру акциясына қатысқан жоқ, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.  

Қазақстандық дипломаттар Бучадағы "жеңілмейтін киіз үйді" ұйымдастыру науқанына қатысқан жоқ - СІМ Фото: kaztag.kz

"Бұл - украин халқына көмектесуге бел буған қазақстандық филантроптардың жеке бастамасы. Елшілік бұл процеске қатысқан жоқ", - деді Смадияров үкімет отырысында журналистерге.

Ол "Қазақстан СІМ бұған қатысты не пікір білдіре алмайды, не тыйым сала алмайды. Өйткені, бұл жеке бастама" деп қосты.

Бұған дейін Украинаның Буча қаласында қазақтар "жеңілмейтін киіз үй" ұйымдастырғаны хабарланған болатын. Осыдан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Украина аумағындағы әрекеттерге қазақстандық дипломаттардың қатысуы туралы ақпаратқа түсініктеме беруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу