Қазақстандық элеваторларға қосымша қызметтер арқылы пайда табуға рұқсат берілмек

1459

Қазақстандық элеваторларға қосымша қызметтер арқылы пайда табуға рұқсат берілмек

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі элеваторларға өздерінің меншігіндегі  темір жолдарды басқа субъектілерге пайдалануға беру арқылы пайда табуға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды КазТаг.
"Лицензияға ие 196 астық қабылдау кәсіпорынының негізгі қызметі "Астық туралы" ҚР заңымен бекітілген тізіммен шектелген. Аталған кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі  темір жолдарды басқа субъектілерге пайдалануға беру, жарма өнімін сату, майлы дақылдарды қайта өңдеу және сату тәрізді ілеспе қызметтерді көрсету арқылы пайда таба алады", - деді бүгін АӨК реттеу мәселелері бойынша заң жобасын таныстырған ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов.
Оның  айтуынша, қолайлы бизнес ортаны құру мақсатында заң жобасындағы "Астық туралы" заңға кәсіпорындардың жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерімен айналысу құқығын беру қарастырылған. 
"Мысалы, кірме жолдарды өзге субъектілерге беру қызметін көрсету "Атамекен Астық" ЖШС АҚК-ға жылына 5 млн теңгеге дейін табыс әкелуі мүмкін, сәйкесінше бұл нан қабылдайтын кәсіпорындардың тарифінде көрсетілмейді", - деді ол.

Қазіргі таңда нан қабылдаушы кәсіпорындарға заңмен келесілерге рұқсат етілген:  ұн өнімдерін, астық, нан және макарон өнімдерін шығару және сату; жанар-жағар май материалдарын, қатты отынды сақтау бойынша қызмет көрсету; телекоммуникация құралдарын орнату үшін нан қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңын ұсыну қызметін көрсету; ЖЖМ сақтау үшін резервуарлар мен мұнай өнімдері базасын жалға беру бойынша қызмет көрсету.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу