Қазақстандық Еуро-5 бензині саудаға шығарылды

795

Қазақстандық Еуро-5 бензині саудаға шығарылды

Қазақстандық Еуро-5 бензинінің алғашқы партиясы Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында сатыла бастады.  Экологиялық санаттағы отынды "Консенсат" АҚ өндіреді. Бұл туралы Қазақстанның Даму банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kapital.kz хабарлайды.

Құны 26 млрд теңге болатын, жылына 200 000 тонна бензин шығаруға қауқарлы мұнай өңдеуші кәсіпорын  Қазақстанның батыс өңірінде сапалы жоғарыоктанды бензинге сұранысты  өтеуге, сондай-ақ газойл және гудрон секілді мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын жылдың соңына дейін вакуумдық қайта қуалау секциясында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтайды. Ол ауыр мұнай өнімдерін өңдеуге және ашық түсті және мөлдірлендірілген мұнай өнімдерін шығаруды 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу