Қазақстандық компания Башқұртстандағы құс шаруашылығын ірі сомаға сатып алды

559

Башқұртстанда "Мәжит Ғафури атындағы башқұрт құс шаруашылығы кешені" аукционда сатылды. 

Қазақстандық компания Башқұртстандағы құс шаруашылығын ірі сомаға сатып алды

Онда Қазақстанның GB Finance Ltd компаниясы жеңімпаз болды. Мәміле сомасы 3,302 миллиард рубль болды, деп жазады inbusiness.kz порталы РБК басылымына сілтеме беріп.

Кешен 2019 жылы банкрот деп танылған. Ол "Индюшкин" (күркетауық) брендімен өнімдер шығаратын. 2022 жылдың шілдесінде компанияның конкурстық басқарушысы Рүстем Саитгареев кәсіпорынның мүлкін жария ұсыныс арқылы 3,74 млрд рубльге бірыңғай лотпен сатуға қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу