Қазақстандық компания Мәскеуден аквапарк салмақ

1071

Қазақстандық компания Мәскеуден аквапарк салмақ

Қазақстандағы "Базис-А" компаниясы аквапарк салу үшін Мәскуден 10 гектар жер іздеп жатыр. Бұл туралы Мәскеудегі инвесторлар ассоциациясының басшысы Любовь Цветкова хабарады деп жазады 7 күн.

"Олардың инвестициялық консультанттары компанияға ресейлік нарыққа шығуға кеңес беріп отыр" — дейді ол іздеу себебі туралы.

Любовь Цветкованың сөзінше, компания Мәскеудегі тұрғын үй сүрілуі, транспорттық желілер және басқа да инфрақұрылымдық жобаларға қызығушылық танытып отыр. Бұл мақсатта компания 1 млрд доллар бөлуге дайын.

"БАЗИС-А" — еліміздің құрылысы нарығында 1991 жылдан бері жұмыс істейтін ірі компания. Ресей және Канадада тәжіриесі бар. Инвестициялық және девелоперлік қызмет, жобалау және құрылыс, құрылыс материалдарын шығару, құрылыс материалдарын жалға беру және тұрғын және әкімшілік ғимараттарын пайдалану бойынша бизнес жүргізеді. Қазір компанияда 8000-ға жуық адам қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу