Қазақстандық компанияларға 3200 кибершабуыл жасалды

563

Жыл басынан бері қазақстандық компанияларға 3200-ге жуық кибершабуыл жасалды.  

Қазақстандық компанияларға 3200 кибершабуыл жасалды Фото: Google

Ұлттық Компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығы осындай ақпарат таратты, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. Шабуылдардың салдарынан желіге азаматтардың жеке мәліметтері кетіп жатыр.

Киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың айтуынша, қылмыскерлер жұртты алдап, қаражатын тартып алудың түрлі тәсілін ойлап тауып жатыр. Сол себепті телефон арқылы жеке мәліметтер жайында сұрақтарға жауап бермеу қажеттілігін ескертеді.

"Алаяқтар желіге кетіп қалатын ақпаратты қолдана алады. Олардың қолдарына қазақстандықтардың аты-жөндері, банк карталарының нөмірлері түседі. Кейін алаяқтар азаматтарға хабарласып, өзін қандай да бір банк немесе басқа да ұйымның өкілі ретінде таныстырады. Жұрт оларға сеніп қалып, өзінің жеке мәліметтерін айтып қояды", - дейді Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу