Қазақстандық құтқарушылар Сахалиндегі "жер сілкінісінің салдарын жоюға" аттанды

1464

Жер сілкінісі салдарынан тұрғын үйлер мен өндірістік объектілер, соның ішінде тыңайтқыш өндіретін зауыт қираған.

Қазақстандық құтқарушылар Сахалиндегі "жер сілкінісінің салдарын жоюға" аттанды

Ресей ТЖМ Ногинск құтқару орталығының аумағында ТМД күштерінің "Жойқын жер сілкінісінің салдарын жою" тақырыбында оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығудың шартына сәйкес Ресей Федерациясының Қиыр Шығыс федералды округінің Сахалин облысы аумағында жер сілкінісі орын алды. Жер сілкінісінің ошағы Долинск қаласында болды. Жер сілкінісі салдарынан тұрғын үйлер мен өндірістік объектілер, соның ішінде тыңайтқыш өндіретін зауыт қирап, өрт ошақтары пайда болды. Қайтыс болғандар да көп. Қираған ғимараттардың астында жүздеген адамдар болуы мүмкін. Осыған байланысты Сахалин облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.

2021 жылдың 13 мамырында сағат 9.00-де Ресей ТЖМ штабының келісімі бойынша аэровизуалды және радиациялық барлау жүргізгеннен кейін Қазақстанның Республикалық жедел-құтқару жасағының 2 құтқару тобы мен кинологиялық есептері Долинск қаласындағы химия зауытында жоғарғы қабаттардан зардап шеккендерді түсіріп, үйінділерде авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға кірісті.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үйінді астынан шартты түрде зардап шеккендер мен қайтыс болған адамдарды шығарып, Ресей ТЖМ медициналық қызметіне тапсырды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болған адамдарды іздестіруде Қазақстан кинологтары, олардың екі із кесуші иті "Чарли" және "Радж" белсенді болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу