"Бүгінде Қазақстан құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын жалғастыруда. Түркияның Газиантеп және Нұрдағы қаласында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды аман алып шықты. Сонымен қатар 14 мәйіт табылып, шығарылды. Қазір инженерлік жұмыстар жүріп жатыр. Жер сілкінісінен қираған көпқабатты үйлердің үстіңгі бөлігін аршып тазарту жұмысы жалғасуда. Іздеу жұмыстары үйретілген иттердің көмегімен жүзеге асырылуда", - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, құтқарушыларға қажетті жағдай жасалған.