"Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттаймыз", - деді Президент.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма бергенін жазған болатынбыз.