Қазақстандық лоукостер қалааралық рейстер санын екі есеге арттырады

992

FlyArystan Алматы мен Нұр-Сұлтаннан жаңа әуе бағыттарын ашуды, сондай-ақ сұранысы жоғары рейстердің санын арттыруды жоспарлауда.

Қазақстандық лоукостер қалааралық рейстер санын екі есеге арттырады

2020 жылдың жазында FlyArystan қалалар арасында қатынайтын әуе рейстерінің санын екі есеге арттырады. Билеттердің бағасы 8999 теңгеден басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы алғашқы лоукостер – FlyArystan Алматы мен Нұр-Сұлтаннан жаңа әуе бағыттарын ашуды, сондай-ақ сұранысы жоғары рейстердің санын арттыруды жоспарлауда.

Мәселен, "Алматы-Қостанай-Алматы" жаңа бағыты 12 наурыздан бастап күнделікті орындалатын болады. Осы бағыттағы ең арзан тариф құны 8999 теңгеден басталады. Ал Алматыдан Ақтөбеге және де кері қарай ұшақтар 20 сәуірден аптасына 3 рет қатынайды. Билеттер бағасы 11 999 теңгеден жоғары.

Ал биылғы жаздан бастап келесі рейстердің саны артатын болады:

- "Алматы-Шымкент-Алматы", рейстер саны 86% артып, аптасына 13 рейске дейін көбейді;

- "Алматы-Павлодар-Алматы", рейстердің саны 43% артып, аптасына 10 рет орындалады.

- "Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы", күніне 2 рет орындалған рейстер 50% артып, күніне 3 рет қатынайтын болады.

- "Алматы-Қарағанды-Алматы", рейстердің саны 29% артып, аптасына 9 рет орындалады.

Ағымдағы жылғы 25 қазанға дейін орындалатын рейстерге билеттерді компания сайтынан бүгіннен сатып алуға болады.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын аталмыш авиакомпания Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Қызылордаға, сонымен қатар биылғы наурыз айында елордадан Петропавл мен Көкшетау қалаларына жаңа рейстер ашатыны хабарланды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу