Қазақстандық лоукостер қыркүйектен бастап Делиге рейстер орындайды

Билеттердің бағасы 29 500 теңгеден басталады. 

Қазақстандық лоукостер қыркүйектен бастап Делиге рейстер орындайды Фото: avianews.com

FlyArystan әуе компаниясы қыркүйек айынан бастап Алматы-Дели бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастайды, деп хабарлады әуе тасымалдаушысы.

"Билеттердің бағасы 29 500 теңгеден басталады. Билеттер сатылымы компания мобильді қосымшасында және сайтында қолжетімді. Рейстер 2023 жылдың қыркүйегінен басталады", - деп жазылған хабарламада.

 FlyArystan бұл бағытқа аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері рейстерді орындайды, бірақ алдағы айларда Дели мен Үндістанның басқа қалаларына рейстер санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Лоукостер 16 ұшақтан тұратын паркі бар алғашқы қазақстандық арзан авиакомпания. 2022 жылы тасымалдаушы алғаш рет Airbus зауытынан жаңа ұшақ алды. 2023 жылдың соңына қарай паркті тағы екі ұшақпен кеңейту жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу