Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

393

7-13 мамыр аралығында Ташкентте математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. 

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды Фото: Оқу ағарту министрлігі

Шығыс Қазақстан облысынан "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:

  • Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан "Білім-инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Әли Мендеке – Семей қаласынан "Білім-инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
  • Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан "Білім-инновация" лицейінің 8-сынып оқушысы;
  • Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан "Білім-инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команданың жаттықтырушылары – Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.

Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу