Қазақстандық оқушылар 142 олимпиадаға қатыса алады

596

Сондай ақ, Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге  арналған 33 олимпиаданың тізімін жасады.   

Қазақстандық оқушылар 142 олимпиадаға қатыса алады Фото: zakon.kz

Қазақстандық мұғалімдер, оқушылар және колледж студенттері республикалық және халықаралық 175 олимпиадаға қатыса алады. Олардың тізімін ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған, деп жазады Inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап..

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Зияткерлік сайыстар ауылдық, қалалық, мемлекеттік, жекеменшік және мамандандырылған мектептердің оқушыларына арналған. Оларға 2-4, 5-6, 9-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылар үшін барлығы 142 олимпиада мен жарыс қарастырылған. Ал 33 олимпиада мұғалімдерге арналған. Бұл байқаулардың нәтижелері аттестация кезінде ескеріледі.

“Олимпиадалардың басым көпшілігін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша Олимпиадалардың басым бөлігі республикалық және жергілікті бюджет есебінен өткізіледі. Сондай-ақ олар балалар үшін тегін ұйымдастырылады. Оның дерегінше Оқу-ағарту министрлігі ұсынбаған олимпиадаларға қатысу мәселесінде мұқият болу қажет.

  “Ашықтық, академиялық адалдықты және олимпиадалардың сапасын қамтамасыз етпей, ақылы жарыстар ұйымдастыратын кәсіпкерлер де бар. Ата-аналар мұндай олимпиадалардың басты міндеті - балалар арқылы ақша табу мүмкіндігі екенін түсінуі керек. Кейде мұндай күмәнді жарыстарды ұйымдастырушылар азаматтарды жаңылыстыру үшін министрліктің логотипін бекітеді. Тіпті кейбіреулері "Дарын" немесе басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың атауын өздерінің заңды тұлғаларының атауында пайдаланады”, дейді Гүлмира Кәрімова.

Сондықтан Министрлік  ата-аналар мен мұғалімдерге олимпиаданың толық тізімімен танысуға кеңес береді.

Министрлік бекіткен олимпиадалардың толық тізімімен мына жерден танысуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу