Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар:
Ануар Ағыбаев – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;
Александр Олейников – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;
Жәңгір Булат – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы;
Батырхан Бейғанов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы;
Нұртай Мәлік – Ақтөбе облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Мирас Кеңесбек – Қарағанды облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.