Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) 22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы (BMO) аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде иеленді:
Күміс жүлде иегерлері:
• Амир Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
• Марғұлан Шарел – Астана қаласындағы Spectrum мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Элдар Үсенов – Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
• Дамир Нұрланов – Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Әмірлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Бердібек Орынбасар – Атырау облысындағы №1 "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы.
"BMO олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының шілде айында Австралияның Квинсленд қаласында өтетін халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындығындағы маңызды кезең. Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын", – деді олимпиаданың күміс жүлдегері Марғұлан Шарел.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.
Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазақстандық оқушылардың екінші рекордтық нәтижесі. 2024 жылы да олар үздік үштіктен көрінген болатын.