Қазақстандық оқушылар экономика олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды

365

Олимпиадаға әлемнің 61 елінен 300-ге жуық оқушы қатысты.  

Қазақстандық оқушылар экономика олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды Фото: gov.kz

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сучжоу қаласында өткен халықаралық экономика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

12-20 шілде аралығында ұйымдастырылған додаға әлемнің 61 елінен 300-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстандықтар бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Астана қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Мұхтархан Батырхан иеленді. Ол халықаралық экономика олимпиадасында екінші рет чемпион атанды.

Күміс медальдарға Алматыдағы NIS оқушылары Динмухаммед Кемелов пен Альтаир Жапаров, сондай-ақ "Мирас" халықаралық мектебінің оқушысы Аружан Сұлтанбек ие болды.

Ал Алматыдағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Темірлан Қуанышбек қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасын "Teenvestor" мектебінің директоры, ұлттық құрама жаттықтырушысы Руслан Мулдашев пен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Зере Жарлагапова дайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу