Қазақстандық оқушылар FIRST GLOBAL әлемдік робототехника олимпиадасына қатысуда

176

Додаға әлемнің 190-нан астам елінен қатысушылар жиналды. 

Қазақстандық оқушылар FIRST GLOBAL әлемдік робототехника олимпиадасына қатысуда Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Панама-ситиде FIRST Global Challenge халықаралық робототехника олимпиадасы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Биылғы чемпионат жаһандық экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және биологиялық алуадылықты арттыру тақырыбына арналған. Роботтар экологияны қалпына келтіруді модельдейтін тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинайды: олар кедергілерді (бөгеттерді) жоюы, биоалуандылық бірліктерін ойын алаңындағы арнайы экожүйелерге жеткізіп орналастыруы және тепе-теңдік механизмдерін іске қосуы тиіс.

Осы жылғы  іріктеу нәтижесінде 40 команданың ішінен құрамаға Алматы қаласындағы НЗМ ФМН 9 -10-сынып оқушылары енді:  Рашат Досымжан, Даулет Ілияс, Орынбасаров Әлихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл енді. Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Дулат Байтуленов, Нурдаулет Досмагамбет және Асылбек Мұрзахметов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу