Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді

74

Сочиде өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. 

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы алты оқушыдан және үш жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

  • Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;
  • Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;
  • Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

  • Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу