Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада информатикадан төрт медаль ұтты

108

Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада информатикадан төрт медаль ұтты Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды. 

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады. 

Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;

Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;

Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;

Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері: Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай. Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы ұйымдастырды. 

Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бұл беделді 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу