Қазақстандық оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында жүлде алды

188

Сайысқа 56 елден жас инженерлер қатысқан.  

Қазақстандық оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында жүлде алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Qazygurt командасы Champions Award номинациясында екінші орын алды. 

Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия командаларымен бақ сынасты.

Команда құрамында Бауыржанқызы Арайлым, Абдрай Ернұр, Жаркинбек Інжу, Амангельдиев Абзал, Жетпіс Ерасыл, Өтепберген Нұрбек, Айбек Еркебұлан және Кенесов Диас өнер көрсетті.

Оқушылар Қазығұрт ауылындағы бірнеше білім беру мекемесінде оқиды.

Команда халықаралық чемпионатқа жолдаманы USTEM Foundation және Дарын ұйымдастырған Alem Tech Fest жарысында жеңіп алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу