Олимпиадада топ жарған қазақ балуаны 27 жасында АҚШ-та көз жұмды

638

Танымал спортшының қазасы туралы белгілі спорт журналисі Данияр Кәрімжан мәлімдеді.

Олимпиадада топ жарған қазақ балуаны 27 жасында АҚШ-та көз жұмды Фото: bassportkz Instagram-парақшасы

Қазақ еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Танымал спортшының қазасы туралы белгілі спорт журналисі Данияр Кәрімжан мәлімдеді.

"Мұхамбет балуан 16 наурыз күні АҚШ-та көз жұмды. Ол соңғы екі жылда Филадельфияда тұрған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазіргі таңда балуанның денесін елге әкелу мәселесімен елшілік айналысып жатыр", — деді журналист Данияр Кәрімжан.

Артынша бұл қаралы хабарды Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов та ресми түрде растады.

"Өкінішке қарай, осындай хабар алып отырмыз. Тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған балуанымыз Мұхамбет Қуатбек өмірден өтті. Туыстары мен ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз. 27 жастағы балуан соңғы жылдары АҚШ-та өмір сүрді", — деді Есенжолов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу