Қазақстандық өндірушілердің дайын тауар айналымы $39,4 млрд құрады

327

Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары.  

Қазақстандық өндірушілердің дайын тауар айналымы $39,4 млрд құрады Фото: inbusiness.kz

Оның үштен бірін жалпы құны $12,1 млрд отандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты құрады.

  • Экспорттық жеткізілімдердің ең көп көлемі Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Түркияға, алыс шет елдерден – Нидерланды, Ұлыбритания, Жапонияға жөнелтіледі.

Биылғы жылдың алты айында қазақстандық дайын өнімді импорттаушы елдердің географиясы 114-тен 125-ке дейін кеңейді.

Отандық тауар өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ету үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуде.

Бұл – сауда миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелер мен бизнес-форумдарға, оқыту жобалары мен бағдарламаларына қатысу.

Осылайша, акселерация бағдарламасы қазақстандық компанияларға жаңа нарықтарды тиімді игеруге көмектеседі.

Биыл бағдарламаға қатысу үшін тамақ, химия, тоқыма және қызмет көрсету салаларын экспорттайтын 111 кәсіпорын таңдалды.

Қолдау құралы ретінде экспорттаушы компанияларға сауда-экономикалық миссияларға қатысу мүмкіндіктері ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу