Қазақстандық өнімдер Татарстан нарығына шықты

852

Қазақстандық өнімдер Татарстан нарығына шықты

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы Татарстан Республикасының ірі бөлшек сауда желісі үшін азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының экспортына қолдау көрсетті.

"ExpoFood" ЖШС "GreenFoods" ЖШС-нің – NaturaBogata және Будь Ласка сауда маркаларымен азық-түлік өнімдерінің кең ассортиментін шығаруға мамандандырылған қазақстандық өндірушінің еншілес компаниясы болып табылады. Өнімдер: күріш сұрыпталымын, жармалар сұрыпталымын, пісіру пакеттеріндегі қауыздарды, ботқаларды қамтиды.

Таяу уақыттаТатарстан Республикасындағы "Эссен Продакшен АГ" ЖШҚ ірі гипермаркеттері желісінің сөрелеріне отандық өндіруші "Expo FOOD"  ЖШС-нің жеткізген өнімдері түседі. Қарағандылық экспорттаушы NaturaBogata СМ-мен өлшеп буылған жармалардың 4,3 млн. теңгеден астам сомаға бірінші топтамасын (күріш сұрыпталымы, қарақұмық, арпа, ұнтақ, бұршақ, сондай-ақ пісіру пакеттеріндегі қауыздар мен жармалар) тиеп-жөнелтті.

"KazakhExport" ЭСК" АҚ "Expo FOOD" ЖШС-не "Эссен Продакшен АГ"  ЖШҚ компаниялар тобына (Татарстан Республикасы, РФ) кіретін ресейлік сатып алушы "Торгпартнер" ЖШҚ-мен жасалған келісімшарт бойынша экспорттық кредитті сақтандыру (төлем мұрсаты) түрінде сақтандыру қолдауын көрсетті.

2017 жылдың күзінде "KazakhExport" ЭСК" АҚ Қазақстанның 40-тан астам тамақ өнімдерін өндірушілері үшін "ЭссенПродакшен АГ" АҚ сауда желісінің өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер ұйымдастырды және өткізді. Келіссөз қорытындылары бойынша экспорт үшін өнімдер желісі, сондай-ақ ынтымақтастық желісі белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу