Қазақстандық параспортшылар Берлинде рекорд орнатты

402

Олар халықаралық чемпионатта үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық параспортшылар Берлинде рекорд орнатты Фото: csp-parasport.kz

Қазақстандық параспортшылар жүзуден Германия астанасы Берлинде өтіп жатқан халықаралық чемпионатта үздік нәтиже көрсетті. Қос бірдей саңылағымыз жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап. 

Әлемнің 50 елінен келген сайыста 400 спортшы бақ сынады. 37-ші рет өтіп жатқан халықаралық пара-чемпионатта екі бірдей жүзу шеберіміз Алина Дубинина мен Сергей Кинин жаңа рекорд орнатты.

"Мен арқамен жүзуден 50 метр, брасспен 50 метр жүзіп, Азия рекордын орнаттым. Мен үшін бұл үлкен жетістік. Әр қашықтықта нәтижені жақсарту қажет болды. Сол ойым жүзеге асты", - дейді  ұлттық құрама мүшесі Алина Дубинина.

Жалпы командалық есепте біздің спортшылар 9 медаль еншіледі. Эстафетада күміс және қола жүлдемен марапатталды.

"Біздің спортшылар үздік нәтиже көрсетті. Олар эстафеталық жүзуде күміс және қола медальдарға ие болды. Жеке біріншіліктерде ең жоғары жетістіктердің бірі - біздің 2 спортшымыз жеңіп алған Азия рекордтары", деді ұлттық құраманың жаттықтырушысы Айдар Қартпаев.

Спортшыларымыз күзде Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия паралимпиада ойындарына қатысады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу