Қазақстандық паражүзушілер 43 медаль жеңіп алды

657

Спортшылардың барлық нәтижелері халықаралық паралимпиадалық комитеттің 2020 жылғы әлемдік рейтингіне енгізілетін болады.

Қазақстандық паражүзушілер 43 медаль жеңіп алды

Қазақстан атынан көру мүмкіндігі шектеулі жандар мен тірек-қимыл аппараты бұзылғандар арасында жүзуден Беларусь Республикасының ашық чемпионатында ұлттық паралимпиадалық құрамадан 15 спортшы қатысты. Біріншілік 25-26 қаңтарда Минскіде Халықаралық паралимпиадалық комитеттің қамқорлығымен өтті.

Жарысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Украина, Литва, Молдова және Беларусь елдерінен 150-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстандық паражүзушілер 43 медаль жеңіп алды. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде тоғыз – алтын, алты – күміс және төрт – қола өңір өкілдері қол жеткізген марапаттар.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Андрей Афанасьев, Әлия Рахымбекова, Анатолий Федоровский, Наталья Звягинцева, Сергей Кинах, Оксана Митякова және Роман Потапов болды.

Спортшылардың барлық нәтижелері халықаралық паралимпиадалық комитеттің 2020 жылғы әлемдік рейтингіне енгізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу