Қазақстандық реттеушілер АХҚО-да валюталық реттеу жүргізу мәселелері жөнінде келісімге келді

892

ҚР Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстанның қаржы нарығына АХҚО қатысушыларының қол жеткізе алатын шарттары мен валюталық реттеу жүргізу мәселелері жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰБ баспасөзіне сілтеме жасап.

Қазақстандық реттеушілер АХҚО-да валюталық реттеу жүргізу мәселелері жөнінде келісімге келді

Қазақстанның Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов тиісті құжатқа қол қойды.

Валюталық реттеу Ережесі АХҚО аумағында шетелдік валютамен жасалатын операциялардың шарттары мен ережелерін бекітеді, АХҚО қатысушыларына қаржылық қызмет көрсету тетіктері мен олардың Қазақстандағы қаржы инфрақұрылымына қолжеткізу мәселелерін реттейді.

Ереже АХҚО-ның қатысушылары Қазақстан резиденттеріне ұсына алатын қаржы қызметтерінің тізімін анықтайды, соның ішінде, банк, сақтандыру және құнды қағаздар нарығы салаларындағы қызметтер бар.

Акт 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу