Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді

265

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 845 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.  

Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді Фото: pixabay.com

Тәжікстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жерасты дүмпулерін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 13 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 09:34-те тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 845 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2. магнитудасы MPV 5,0", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу