Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

342

Оның ошағы Қытай жерінде орналасқан. 

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді Фото: www.ult.kz

20 наурызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер сілкінісі 20:21-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.0. магнитудасы MPV 4.6. Эпицентрдің координаттары 41.10° с.е. 78.32° ш.б. тереңдігі 10 шақырым. Сезгіштік туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілмейді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу