Қазақстандық шахматшы қыз "Аэрофлот Опен 2017" фестивалінің жеңімпазы атанды

3162

Қазақстандық шахматшы қыз "Аэрофлот Опен 2017" фестивалінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік "Аэорфлот Опен 2017" фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Жарыс барысында шахматшы аруымыздың қарсыластары оңай болған жоқ. Кілең мықтылармен күш сынасты. Олардың қатарында екі халықаралық шахмат федерациясының шеберлері, екі халықаралық дәрежедегі шахмат шеберлері және бес гроссмейстер болды.

"9 турдың қорытындысында Жансая Әбдімәлік алты ұпай жинап, ерлер арасында 15 орын, ал әйелдер арасында бірінші орын алды. Турнир қорытындысынан кейін Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында әлемдік рейтингте үздік 35 шахматшының қатарына кіреді. Жақын арада өтетін ФИДЕ президенттік кеңесінде шахматтан ерлерге берілетін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен марапатталатын Қазақстандағы ресми алғашқы қыз болады", – деп хабарлайды шахмат академиясы.

Естеріңізге сала кетейік, Жансая Әбдімәлік – қазақстандық шахматшы, қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер және гроссмейстер. 2013 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қыз ФИДЕ-ның азиялық федерациясында Азияда 20 жасқа дейінгі үздік шахматшы деп танылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу