Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында 3 медаль алды

625

Ат үстінде жүріп садақ ату сайысына әлемнің 12 елінен 22 спортшы қатысқан.

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында 3 медаль алды

Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль: 1 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтынды отандасымыз жарыстың алғашқы күні корей стилі бойынша өткен сайыста олжалады, ал кассай (венгр) стиліндегі жарыста күміс жүлдеге ие болды. Осылайша, Айкөз Ералхан Әлемнің вице-чемпионы атанды.

Ел намысын қорғаған отандасымыз бұл жеңісін Қазақстан Тəуелсіздігінің 30 жылдығына арнайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу