Қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені жеңіп алды

314

Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде үздік үштікті түйіндеді. 

Қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені жеңіп алды Фото: olympic.kz

Ол 77,43 ұпай жинап, қола медальді қанжығасына байлаған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты olympic.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші орын 99.05 ұпаймен канадалық Марион Теноға бұйырды. Ал Австралиядан келген Даниэль Скотт 88,47 ұпай жинап, екінші орынға қол жеткізді. 

Айта кетейік, қысқы жарыстың бұл түрі жаңа маусымда алғашқы рет өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу