Қазақстандық статистика мамандары Оңтүстік Кореяда тәжірибе алмасуда

184

Оқу сапары аясында ресми статистика мен цифрлық шешімдердің озық тәжірибесі таныстырылуда.  

Қазақстандық статистика мамандары Оңтүстік Кореяда тәжірибе алмасуда Фото: stat.gov.kz

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының делегациясы Оңтүстік Кореяның Деректер және статистика министрлігінде оқу сапарымен жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Іс-шара Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Статистиканы жетілдіру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Сапардың мақсаты – ресми статистика, деректерді жинау және тарату, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді жетілдіру саласындағы Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесі мен заманауи цифрлық шешімдерін зерделеу.

Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Гүлмира Қарауылованың айтуынша, алынған тәжірибе Қазақстанның ұлттық статистика жүйесін цифрлық жаңғыртуға және халықаралық стандарттарға сай дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның статистика саласындағы ынтымақтастығы көп жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті. 2012–2017 жылдары Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба аясында қазақстандық тарап кореялық әріптестердің қолдауымен статистикалық деректерді онлайн жинау және ақпараттық жүйелерді дамыту бағытындағы заманауи тәсілдерді енгізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу