Қазақстандық студенттер халықаралық "Эко-заковат" байқауында күміс жүлдегер атанды

375

Самарқандта өткен "Эко-заковат" байқауында Қарағанды университетінің студенттері үздіктер қатарынан көрінді.  

Қазақстандық студенттер халықаралық "Эко-заковат" байқауында күміс жүлдегер атанды Фото: gov.kz

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен халықаралық "Эко-заковат" экологиялық байқауында ІІ орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

6-9 маусым аралығында ұйымдастырылған байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Өзбекстанның түрлі өңірлерінен келген жастар командалары қатысты.

Қатысушылар экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша білімдерін сынады. Университет командасына ботаника кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Роза Мусина жетекшілік етті.

Студенттердің жетістігін Қазақстанның Самарқандтағы консулы Абзал Нұрашов құттықтап, жастардың халықаралық экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының маңызын атап өтті.

Байқаудағы жүлделі орын қарағандылық студенттердің жоғары дайындық деңгейі мен ғылыми белсенділігін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу