Қазақстандық студенттер Қытайда ел намысын қорғайды

145

Халықаралық жобаның бастамашысы – Бейжің би академиясы, ал іс-шара Би білімінің дүниежүзілік альянсы (World Dance Education Alliance) қолдауымен жүзеге асады.  

Қазақстандық студенттер Қытайда ел намысын қорғайды Фото: dknews.kz

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Бейжің би академиясының Dance Theatre сахнасында өтетін "Сұлулықпен үндестік: Би бойынша білім берудегі әлемдік алмасу" атты халықаралық көрсетілімге қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Іс-шараға 38 елден 70-тен астам жетекші хореографиялық оқу орны қатысуда. Бейжің би академиясы жүргізген қатаң іріктеу нәтижесінде Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері үздік қатысушылардың қатарына еніп, Қазақстан атынан халықаралық сахнада өнер көрсету мәртебесіне ие болды.

Көрсетілім бағдарламасына П. И. Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару" балетінен Аврора мен Дезиренің па-де-де нөмірі енген.

Академия студенттерінің бұл халықаралық жобаға қатысуы қазақстандық балет өнерін әлемдік деңгейде танылуына ықпал етері анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу