Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та оқып жатыр

200

Оқу The International Visitor Leadership Program аясында өткізіліп, 22 сәуірде аяқталады. Курс тақырыбы – АҚШ-тағы су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру. 

Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та оқып жатыр Фото: Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің, "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметінің және Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары АҚШ-та білім алуда.

"Оқу барысында АҚШ-тың су ресурстарын басқару саласындағы үздік тәжірибелерін зерттеуге, сондай-ақ халықаралық байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Бағдарлама қатысушылары АҚШ-тың негізгі су инфрақұрылымы нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысады", – деді ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу