Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы әлеуметтік желіде танымал Assolyaa лақап атымен теннисші Елена Рыбакинаның портретін кілемге бейнеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Суретші жаңа туындысын Instagram парақшасында жариялап, дайын жұмыспен қатар оны жасау барысын да көрсетті. Кадрлардан Рыбакинаның бейнесі кілем бетінде біртіндеп қалыптасқанын көруге болады.
Ерекше жұмыс әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары суретшінің шеберлігіне жоғары баға беріп, туындыны "шедевр", "әдемі шығыпты" деп бағалаған.
Жақында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанған еді. Енді Әсел Сабыржанқызы өзі жасаған портретті теннисшіге жеке табыстауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін қазақстандық суретші Энрике Иглесиас, Дженнифер Лопес, Джеки Чан, Николь Шерзингер және басқа да танымал жұлдыздардың портреттерін жасаған.
– Кейбір туындыларымды портретте бейнеленген танымал тұлғалардың өзіне жеке табыстаудың сәті түсті, – дейді суретші.