Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

577

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Контрексевил (Франция) ITF World Tennis Tour W100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге финалда бельгиялық Кимпберли Циммерман – мажарстандық Далма Галфимен кездесті. Бұл жұптар осы доданың бірінші және екінші ракеткалары еді.

Қазақстандық-норвегиялық жұп бірінші партияда қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте бельгиялық-мажарстандық жұп есе қайырды – 6:1. Супер тай-брейкте А.Данилина мен У.Эйкери 10:4 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу