Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста жеңімпаз атанды

144

Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Италиядағы Турин челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста жеңімпаз атанды Фото: Sports.kz

Ақтық бәсекеде отандасамыз әлемнің 73-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бублик 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 14 минутқа созылған матчта Бублик 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қытайлық теннисші 6 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик өз спорттық жолында челленджер жарыстарындағы жетінші, топырақ төсенішіндегі бірінші титулын жеңіп алды. Қазақстандық спортшы сондай-ақ ATP 250 турнирінде үш дүркін, ATP 500 додасында бір рет чемпион атанған.

Александр Бублик қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 51-орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу