Қазақстандық теннисші "Ролан Гаррос" финалында жеңілді

149

Анна Данилина "Ролан Гаррос"–2025 турнирінің жұптық сайысында финалға дейін барып, ақырғы сәтте сүрінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші "Ролан Гаррос" финалында жеңілді Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Сара Эррани - Жасмин Паолинимен кездесті.

Бірінші партияда италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қазақстандық-сербиялық дуэт есе қайырды - 6:2. Шешуші, үшінші сетте италиялықтар дес бермеді - 6:1.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты матчта Данилина - Крунич 2 эйспен бірге 9 брейктің үшеуін пайдаланды. Эррани - Паолини 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Анна Данилина Ролан Гарроста сәтті өнер көрсетіп, спорттық жолында алғаш рет финалға дейін жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу