Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы челленджерге қатысып жатыр

495

АҚШ-тың Кэри аймағында теннистен ATP Challenger санатына енетін "Cary Challenger" турнирі басталды.  

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы челленджерге қатысып жатыр

Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысуда, деп жазады Olympic.kz. 

Александр Недовесов алғашқы айналымда АҚШ өкілі Дэннис Новиковқа қарсы ойнап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде ол тағы бір америкалық спортшы Патрик Кипсонға қарсы шығады. 

Қазақстандық Дмитрий Попко 9 қараша күні америкалық Улисс Бланшпен кездеседі.

Ал 10 қарашада Голубев / Недовесов жұбы америкалық Роберт Галлоуэй мен филиппиндік Трит Хуэйге қарсы ойнайды. Дмитрий Попко канадалық Питер Поланскимен жұптасып, сынға түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу