Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте айтарлықтай алға жылжыды

394

WTA жаңартылған рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны анықталды.

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте айтарлықтай алға жылжыды Фото: srednyadm.ru

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова WTA жаңартылған рейтингісіндегі орнын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

18 жастағы қазақстандық теннисші рейтингтегі 1056-шы орыннан 958-ші орынға көтерілді. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жекелей рейтингте Жібек Құламбаева 438-ші орыннан 436-шы орынға көтерілді.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі төртінші орнын сақтап қалды. Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 18 позиция жоғалтып, 61-ші орыннан 79-орынға бір-ақ сырғыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу