Қазақстандық төрешілер волейболдан әлемдік жарыстарда төрелік етеді

588

Қазақстандық қазылар волейболдан ірі халықаралық турнирлерде қазылық етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық төрешілер волейболдан әлемдік жарыстарда төрелік етеді

19 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан атынан арбитр Ирина Қабылбекова қызмет етеді.

Аталған әлемдік сын 2021 жылдың 24 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында өтеді.

Сондай-ақ, 21 жасқа дейінгі ерлер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Акулова төрелік етеді. Біріншілік 23 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Италия мен Болгарияда ұйымдастырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу