Қазақстандық төрешілер волейболдан Азия чемпионатында төрелік етеді

1024

Қазақстан волейбол федерациясының төрешілері Филиппиндер мен Жапонияда тамыз және қыркүйек айларында өтетін Азия чемпионатының матчтарына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық төрешілер волейболдан Азия чемпионатында төрелік етеді

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы 21-ші Азия чемпионатында Филиппинде 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Аталған додада халықаралық санаттағы төреші Юлия Акулова қызмет етеді.

12-19 қыркүйек аралығында Жапонияда волейболдан 21-ші Азия чемпионатының кездесулерінде ерлер командалары арасында халықаралық дәрежедегі төреші Айдос Ахметов жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу