Қазақстандық тревел-блогер әлемдік WIBA Awards сыйлығын жеңіп алды

320

Марапаттау рәсімі Францияда Канн кинофестивалі аясында өтті.

Қазақстандық тревел-блогер әлемдік WIBA Awards сыйлығын жеңіп алды Фото: bydastann

Instagram-нан басталған жол әлемдік марапатқа ұласты. Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының "Әлемнің үздік тревел-блогері" аталымы бойынша жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Марапаттау рәсімі Францияда, Канн кинофестивалі аясында ұйымдастырылған шаралардың бірінде өтті. Дастан қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, салтанатты кештен видеолар жариялады. Осылайша қазақстандық блогердің есімі әлемге танымал инфлюенсерлермен қатар аталды.

WIBA Awards – халықаралық деңгейде танылған контент авторларын марапаттайтын беделді сыйлықтардың бірі. Бұл марапат digital-индустрияға ықпал етіп, аудитория назарын аудара алған авторларға табысталады.

Дастан Мұхамедрахимнің видеолары табиғаттың көркін, түрлі қалалардың атмосферасын және елдердің мәдениетін ерекше кино стилінде көрсетуімен ерекшеленеді. Соңғы бір жыл ішінде оның көптеген ролигі миллиондаған қаралым жинап, кейбірі Instagram желісінің ресми парақшалары мен ұсынымдарына шыққан. Желі қолданушылары мен әріптестері блогерді жеңісімен құттықтап, бұл жетістікті қазақстандық блогинг үшін маңызды оқиға деп бағалап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 жеңімпаздарының қатарына енгенін хабарлаған болатын. Алайда марапатты табыстау рәсімі енді ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу