Қазақстандық туристерді елге қайтару сәтті аяқталды

218

Осы жылдың 24 қаңтарында Tez.kz туроператоры қызметін толықтай тоқтатты.    

Қазақстандық туристерді елге қайтару сәтті аяқталды Фото: Depositphotos

Аталған туроператор қызметін тоқтата тұратыны туралы ақпарат тараған кезде шетелде 313 отандық турист болған. Қазіргі уақытта олардың бәрі Қазақстанға оралды, деп жазады inbsuiness.kz.

Қазақстандықтарды елге қайтару жұмысымен Туризм және спорт министрлігі мен ел азаматтарының көшпелі туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі "Туристік Қамқор" қоры айналысты.

"Министрлік пен қордың бірлескен жұмысының нәтижесінде туристер елге оралу кезінде ешқандай кедергіге тап болған жоқ. Олардың демалысы турда көрсетілген мерзімге сәйкес өтіп, ұшып келу уақыты турпакетте жоспарланған күндері жүзеге асырылды", - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу