Қазақстандық үш банк жаңа қаржы құралын енгізді

869

Қазақстандық үш банк жаңа қаржы құралын енгізді

Қазақстанда депозиттің 18%-дық жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды naryk.kz.

Қазақстандық ХоумКредит банкі, RBK банкі мен Tengri банкі жаңа қаржы құралы — депозиттік сертификаттарды енгізді. Депозиттік сертификаттар әзірге осы үш банкте ғана бар. 

Хоум Кредит банкінің депозиттік сертификаттарының жылдық пайыздық үстемесі 16%. Еі төменгі сома 1 млн теңге. Бүгінге дейін банктің 100 депозиттік сертификаты сатылған.  Дегенмен, бұл қаржы құралына Қазақстанның депозитті кепілдендіру қоры жауап бермейді екен.

Сонымен қатар, сертфикат иесі бұл құнды қағазды үшінші тарапқа сата алады.

Ал RBK банкінің депозиттік сертификатының жылдық пайызы 5 болса, ең төменгі сома 5 млн теңге.

RBK банкі сертификатты теңгемен сатқанымен, доллар курсына қарай оның құны өзгеріп тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу